ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_91Кілт сөздер:
қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ақпарат, құқықтық реттеу, ақпарат алмасу, халықаралық экологиялық-құқықтық ынтымақтастық, ақпараттық ресурстарАңдатпа
Мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің № AP14872548 "заманауи экологиялық құқықтық тәртіп: қазақстандық кейс" гранттық жобасы аясында дайындалды. Ұсынылған мақалада қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ақпараттық ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері зерттелді, онда экологиялық ақпарат алмасу процедуралары жеке орын алады. Көптеген мемлекеттер деңгейінде ақпаратқа қол жеткізу мемлекетаралық деңгейде ақпараттық ынтымақтастықтың басымдықтарын, нысандары мен әдістерін анықтауды талап етеді. Біздің еліміз жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға міндетті және ақпараттық технологиялар ғасырында уақытпен ілесіп, цифрлық басқару мүмкіндіктерімен экологиялық ақпаратты уақтылы, толық және объективті ұсыну мәселелерін шешу қажет. Тәжірибе көрсеткендей, мүдделі мемлекеттер арасында ақпарат алмасу бөлігінде халықаралық уағдаластықтар бар. 1998 жыл ТМД елдері арасында экологиялық ақпарат алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты бастады, нәтижесінде ешқашан құрылмаған Мемлекетаралық экологиялық-ақпараттық жүйені құру көзделді. Әлемдік деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпараттық ынтымақтастықты жүзеге асыру және оны іске асыру мәселелерін талқылау 2011 жылы Астанада өтті, бұл 2016 жылы экологиялық ақпараттың жалпы жүйесін құру туралы шешім қабылданғанына серпін берді. Бұл жүйе мемлекеттердің экологиялық қызметінің нәтижелерін бағалауға, олардың қоршаған ортаны үнемі бақылау және бағалау үшін ресурстарға қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экологиялық ақпараттың таратылған жүйесі түрінде жүзеге асырылатын принциптер жиынтығы, оларды басқа жүйелермен байланыстыру және интеграциялау заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.