ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОРМА ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Авторлар

  • Лейла Тельманқызы Жанұзақова
  • Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_13

Кілт сөздер:

цифрландыру, норма шығару процесі, цифрлық құқық, электрондық нысан, электрондық жеткізгіш, жария талқылау, нормативтік құқықтық акт

Аңдатпа

Мақалада қазіргі уақытта мемлекеттік басқаруды дамытудың өзекті трендтерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасындағы норма шығару процесін цифрландыру мәселелері қарастырылады. Авторлар осы мәселе бойынша заңгер ғалымдардың көзқарастарының қысқаша мазмұны бар заманауи ғылыми әдебиеттерді зерттеді, заң шығаруды құқықтық реттеуді цифрландыру бойынша Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының тәжірибесін көрсетті.

Жұмыста нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, қабылдау, жариялау, оларды жүйелеу және есепке алу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелерін регламенттейтін ұлттық заңнама нормаларына талдау жүргізілді.

«Ашық нормативтік құқықтық актіле» порталында орналастырылатын нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жария талқылау үшін орналастырылған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасының нақты мысалында азаматтардың жария талқылаудағы белсенділігінің төмендігі, талқылау мерзімдерінің жеткіліксіздігі, азаматтарға ашық НҚА сайтында жобаны орналастыру туралы хабарламаның жоқтығы, әзірлеуші мемлекеттік органдар тарапынан талқылауға формалды көзқарас, енгізілген ұсыныстарды есепке алудың нақты тетігінің болмауы және басқалар сияқты заң жобаларын жария талқылаумен байланысты кемшіліктер көрсетілген.

Осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» заңда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау үшін ең төменгі және ең жоғары мерзімдерді бекіту ұсынылады, азаматтарға арналған мобильдік қосымшаны әзірлеу туралы, талқылаудағы азаматтардың белсенділігінің төмен болу себептерін зерделеу туралы 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат Тұжырымдамасы жобасының ережелері оң бағаланады.

Елде қабылданған норма шығару процесін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды атай отырып, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сәтінен бастап қабылданғанға дейін, ұсынымдар енгізу және Әділет министрлігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Президент Әкімшілігінің сарапшылары мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының әкімшілендіруді жүзеге асыру мүмкіндігімен оларды дайындау қозғалысының электрондық жүйесін әзірлеу туралы мәселе қойылып отыр.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2021

##submission.howToCite##

Жанұзақова, Л. Т. ., & Нұрғазинов, Б. Қ. . (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОРМА ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(65). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_13

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық