ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер:
құқықтық мониторинг, құқықтық мониторингтің мақсаты, Құқықтық мониторинг жүргізу қағидасы, заңдылық, құқықтық актАңдатпа
Мақалада нормативтік құқықтық актілердің мониторингін құқықтық реттеу ұғымы және тиімділігі, құқықтық мониторингтің мақсаты мен міндетінің арақатынасы қаралады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 28 қазандағы №350 Әділет министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың мазмұны талданады. Қағиданың және Әдістемелік ұсынымдардың тиімділігінің жеткіліксіздігі себептерінің бірі көрсетіледі.

