МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК АКТ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_25Кілт сөздер:
әкімшілік құқық теориясы, мемлекеттік қызмет, әкімшілік акт, әкімшілік рәсім, әкімшілік сотАңдатпа
Мақала ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) қабылдау аясында мемлекеттік қызмет көрсету мен әкімшілік акті институттарын талдауына арналған.
Автор әкімшілік құқықтың доктриналық жай-күйін қазіргі кезеңде, тұтастай алғанда, сондай-ақ аталған институттар бөлігінде зерттейді. Құқық қолдану саласындағы әкімшілік-құқықтық зерттеулер нәтижелерінің нашар пайдаланылуына байланысты себептер тұжырымдалады.
Мақалада «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңында бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» санатын анықтауды талдауға орталық орын берілген. Мақалада бірқатар маңызды сұрақтарға, атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды іске асыру нысанын (қызмет немесе қызмет емес) таңдау критерийлері, сондай-ақ қызмет түрінде іске асырылмайтын функциялардың тізімі туралы авторлық жауап тұжырымдалады.
Мемлекеттік қызмет пен әкімшілік актінің арақатынасын белгілеуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет құқықтық тұрғыдан алғанда, ең алдымен, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормалары болып табылатын қолайлы әкімшілік актіні шығаруда / қабылдауда көрініс табады деген қорытынды жасалды.
Автор «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы мен ҚР ӘРПК олардың ережелерінің келісімділігі тұрғысынан талдайды. Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаттары, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы шешімдерге шағым жасау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде қабылданған шешімнің күшін жою тәртібі осы бөлікте аталған нормативтік құқықтық актілер келісілмегенін, бұл оларды жедел өзгертуді (пысықтауды) талап ететінін көрсетті.