«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ» ТҮСІНІГІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Зарина Нурбековна Аманжолова КазГЮУ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_243

Кілт сөздер:

төтенше жағдай, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай, табиғи сипаттағы төтенше жағдай, техногендік сипаттағы төтенше жағдай, аутентикалық мәтін, заңнамалық талдау, ұғымдық-терминологиялық аппарат

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатында көрініс тапқандай, төтенше жағдай кезінде туындауы мүмкін қатерлердің алдын алу мақсатында зерттеу барысында анықталған олқылықтардың орнын толтыру үшін бұл саланы құқықтық реттеуге бағытталған негізгі екі заңның аясында қолданылатын ұғымдарға лингвистикалық және семантикалық талдаулар жүргізілді. Атап айтқанда, бұл мақалада Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» заңы мен «Азаматтық қорғау туралы» заңында қамтылған ұғымдық-терминологиялық аппаратын пысықтауға бағытталуына байланысты зерттеу жұмыстары барысында «төтенше жағдай» ұғымына қатысты туындауы мүмкін сәйкессіздіктерге талдау жүргізді.

Автор төтенше жағдай режимін және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай режимін құқықтық реттеуге бағытталған заңнамалардың орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндерінде сәйкессіздіктерді анықтады. Заң мәтіндерінде аутентикалық фактісінің сақталмауын көрсете отырып, заңнамалық деңгейде құқық қолданушылар үшін қоғамдық қатынастарды дұрыс айқындамауға және заң нормаларын дұрыс қолданбауға алып келетін жағдаяттарды көрсетті.

Мақала аясында заңдардың орыс тіліндегі нұсқаларында қолданылатын «чрезвычайное положение» және «чрезвычайная ситуация» ұғымдарының қазақ тіліндегі заң мәтіндеріндегі аударма сәйкессіздігін дәлелдеу мақсатында олардың құқықтық табиғатындағы айырмашылықтарды көрсетті. Бұдан бөлек, автор бұл саладағы отандық тәжірибені басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибемен салыстыру үшін Қазақстанға таяу орналасқан бірнеше шет елдердің төтенше жағдай режимін реттеуге бағытталған нормативтік актілерін басшылыққа ала отырып, отандық қолданыстағы заңнамалардағы «төтенше жағдай» ұғымына сай келетін анықтаманы көрсетті. Мақалада аталмыш заңдардың қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларында терминологиялық бірізділікті қалыптастыру үшін заңнамаға өзгерістер ұсынылды.

##submission.downloads##

Жарияланды

24.03.2023

##submission.howToCite##

Аманжолова, З. Н. (2023). «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ» ТҮСІНІГІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(72). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_243