ЖОҒАРЫ ҚАУІПТІЛІК КӨЗІ КЕЛТІРГЕН ЗИЯН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_283Кілт сөздер:
жоғары қауіптілік көзі;, айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын қызмет;, жоғары қауіптілік көзін иеленуші;, зиян;, объект;, жауапкершілік.Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада азаматтық құқық саласындағы жоғары қауіптілік көзі арқылы зиян келтіру нормаларының құқық қолдану тәжірибесінде жүзеге асырылу мүмкіндіктері сипатталған. Автор «жоғары қауіптілік көзі» мен «айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын қызмет» түсініктерін талдай отырып, шетелдік және ұлттық заңнама деңгейіндегі реттелу жағдайларына көз жүгіртеді.
Мақалада жоғары қауіптілік көзінің иесінің азаматтық құқықтық жауапкершілігі мәселесі көтеріледі. «Айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын қызмет» немесе «жоғары қауіптілік көзі» ұғымдарының басқа құқық салаларында қолданылу мүмкіндігі және оларды айырудағы негізгі айырмашылықтар және бұл түсініктерді толық зерделеу үшін ғылымда қалыптасқан «объект теориясы» мен «қызмет теориясын» қолдану жағдайларын қарастырады.
Жоғары қауіптілік көздеріне қатысты сұрақтарды реттейтін заңнама нормаларын тәжірибеде дұрыс қолданудың, оның ішінде бұл сұрақ аясындағы ұғымдық аппараттың болмауы, орыс және қазақ тіліндегі мәтіндердің бірдей түсінілуіндегі қиындықтар, жоғары қауіптілік көздерінің толық тізбесінің болмауы секілді проблемалық тұстары көтеріледі.
Ғылыми мақаланың мақсаты: жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілген зиянды өтеудегі кейбір мәселелерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау арқылы бұл сұрақты ары қарай жетілдіру үшін тұжырымдар даярлау.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабының 1-тармағында адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы екенін бекітсе, бұл құндылықтарға келтірілген зиян шын мәнінде, ешқашан толығымен өтелмейтіндігі, соның ішінде азаматтық құқықтағы кінәсіздіктен туындайтын жауапкершілік мәселесі, яғни жоғары қауіптілік көзі арқылы зиян келтіру мәселелері бұл тақырыптың ғылыми жағынан өзектілігіне куә болады.
Түйін сөздер: жоғары қауіптілік көзі; айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын қызмет; жоғары қауіптілік көзін иеленуші; зиян; объект; жауапкершілік.