АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРБЕС САЛАСЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_276Кілт сөздер:
атқарушылық іс жүргізу, дербес құқық саласы, міндетті пән, білікті кадрларды даярлауАңдатпа
Мақала атқарушылық іс жүргізудің жеке құқық саласы ретінде айқындалуы тұрғысынан оның мәні мен маңыздылығын ашуға арналған.
Атқарушылық іс жүргізудің қазіргі кездегі анық емес болып келетін түсінігін ескере отырып, бұл зерттеу оның мәні мен маңыздылығын, оның ішінде университет қабырғасында болашақ заңгерлерді дайындау процесіндегі мағынасын ашуға бағытталған.
Мақалада атқарушылық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі орнын анықтауға бағытталған көзқарастарды талдауға, атқарушылық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының аражігін ажыратуға, сондай-ақ құқық саласының дербестігін анықтау критерийлерін шығаруға аса көңіл бөлінген.
Қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігі қазіргі уақытта әдебиеттерде атқарушылық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі орны анықталмағандығына байланысты және осы мәселенің жалпы бұл салаға деген көзқарасты қалыптастыруда маңызды рөл атқаруымен, сонымен қатар, университет қабырғасында болашақ сот орындаушыларын дайындаумен байланысты болып табылады.
Мақалада екі негізгі семантикалық бөлім бар: біріншісі атқарушылық іс жүргізудің дербестігінің теориялық анықтамасына қатысты болса, екіншісі аталған бөлімнен логикалық тұрғыдан туындап, ЖОО-да «Атқарушылық іс жүргізу» пәнінің жүргізілуіне қатысты.