ЗАҢДЫ ПРОЦЕССТЕР ҚАЗІРГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер:
құқықтың унификациялануы, заңгерлік экспансия, құқықтың үйлесімділенуі, құқықтық интеграция, халықаралық құқық, құқықтық жүйелер, құқық теориясыАңдатпа
Бұл мақалада қазіргі кездегі Еуразиялық экономикалық кеңестіктегі жүріп жатқан юридикалық процесстердің теориялық негіздері қарастырылған, сонымен қатар Еуразиялық одаққа Қазақстан Республикасының экономикасының бірігуінің құқықтық интеграциясын дамыту мәселелеріне тоқталған. Сол сияқты заңнаманы интернационализациялау мәселелері, құқықтық аннигиляция, юридикалық экспансия, құқықтық унификациялау, эмуляция және ұқсастану, құқықтық жүйелердің бір-бірімен үйлесуімен гармонизациялану мәселелері қарастырылған. Мәселеге байланысты ТМД елдерінің құқықтанушы ғалымдарының көзқарастарына талдау жасалған.