ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_68Кілт сөздер:
заңнама, денсаулық сақтау, нормативтік құқықтық акт, заңның қайшылығы, заңнаманың тұрақтылығыАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының кейбір мәселелерін зерттеуге арналған. Қолданыстағы заңнаманы және норма шығармашылық практиканы талдау негізінде заңнаманың проблемалары айқындалды, денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы қазақстандық заңнаманың тұрақтылығына байланысты туындайтын мәселелерге назар аударылады. Авторлар заңнаманы жетілдіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын ұсынады.
Қазіргі уақытта қазақстандық заңнаманың тенденцияларының бірі қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласын реттейтін нормативтік массивтердің белсенді дамуы болып табылады. Мұндай нормативтік массивке денсаулық сақтау саласындағы заңнама да жатады.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің қабылдануы денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы дамытудың негізгі бағыттарын белгілеуге, Республика азаматтарының денсаулық сақтау саладағы құқықтарын, оларды іске асыру кепілдіктерін бекітуге мүмкіндік берді. Кодекс салалық заңнаманың жүйелілігін толықтыратын, бірақ бұзбайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдануы тиіс платформа ретінде әрекет етуге арналған. Алайда аталмыш Кодекс заңманың қалыптасуындағы тиісті тұрақтылыққа қол жеткізе алмады. Тек соңғы екі жылда оған 20-дан астам өзгерістер енгізілді. Денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы талдау Халық денсаулығы туралы кодекстің нормаларын дамытуға қабылданған заңға тәуелді актілер көбінесе бар нормаларды қажетсіз қайталап немесе толықтырады, кейде кодексте белгілегеннен нормалардын мазмұнында белгілеген шектен тыс шығу жағдайлары кездеседі. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама кең ауқымды, бірақ реттейтін қатынастардың сипаты сан алуан және реттейтін қатынастар әр-түрлі болғандықан, ішінара қарама-қайшылықтың болуына себеп болады. Осы мәселелердің барлығы ғылыми медициналық және заңгерлік қауымдастықтарды тарта отырып, оларды шешу үшін назар аударуды және шаралар қабылдауды талап етеді.