КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ

Авторлар

  • Серік Сейітұлы Қаржаубаев
  • Асем Кайратовна Оразбекова Институт законодательства и правовой информации

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_140

Кілт сөздер:

көлеңкелі экономика, әкімшілік преюдиция, жалған кәсіпкерлік, «біркүндік» фирмалар, криминалдық қолма-қол ақша алу, заңды тұлғаларды заңсыз тіркеу

Аңдатпа

«Көлеңкелі» экономиканың елдің экономикалық қауіпсіздігіне теріс әсері даусыз факт болып табылады. Қазіргі уақытта бұл құбылысты жою үшін көп нәрсе жасалды және жасалуда. Қазақстанда көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша ұйымдастыру іс-шаралары үнемі жүргізіліп отырады. Алайда ұйымдастыру іс-шараларын жетілдірумен қатар құқықтық реттеуді жаңғырту қажет. Осы мақсатта елдегі экономикалық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше түйінді міндеттерді шешу маңызды.

Құқықтық реттеудің бірінші бағыты экономикалық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік преюдицияны енгізу қажеттілігі болып табылады. Қылмыстық және әкімшілік-деликтілік заңнаманы талдау жекелеген құқық бұзушылықтар бойынша қисынды дәйектіліктің бар екенін көрсетті. Қылмыстық жауаптылықпен салыстырғанда әкімшілік жауапкершілік құқық бұзушы үшін ауыр зардаптарға әкелмейді, сондықтан бұл экономика саласындағы ұсақ құқық бұзушылықтардың өсуіне әкеледі. Әкімшілік преюдицияны қолдану мұндай өсуді болдырмайды, заңды мінез-құлық үшін маңызды тетік болады.

Екінші бағыт жалған кәсіпкерлік үшін норма енгізу. Мұндай норма Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2014 жылғы бірінші редакциясында орын алды, бірақ алып тасталды. Алайда, құқықтық тәжірибе оның айрықша тиімділігін көрсетті. Экономиканың қазіргі жай-күйі экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша ең батыл шаралар қабылдауды талап етеді. Сондықтан жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажеттігі пісіп-жетілді.

Үшінші бағыт экономикалық құқық бұзушылықтардың өсуінің алдын алуға негізделген және «бір күндік» фирмаларды тіркеуге жол бермеу болып табылады. «Бір күндік» фирмаларды заңсыз тіркеуге жол бермеу қажеттілігі экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуіне жол бермейді және экономиканы тұрақтандыру ісінде маңызды құрал болады.

##submission.downloads##

Жарияланды

24.03.2023

##submission.howToCite##

Қаржаубаев, С. С., & Оразбекова, А. К. (2023). КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(72). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_140