ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_159Кілт сөздер:
инвестиция, экономикалық қауіпсіздік, инвестициялық қызмет, инвестициялық климат, инвестор, қауіп, ұлттық мүдде, инвесторлардың құқықтарын қорғау, инвестициялық қауіпсіздікАңдатпа
Ұсынылған мақала Қазақстан Республикасында инвестициялық қолдаудың құқықтық тетігін жетілдіру мәселелеріне арналған. Мақалада инвестициялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етумен байланысты негізгі проблемалар көрсетілген. Қазіргі жағдайда мемлекеттің даму мақсаттарына қол жеткізу үшін экономиканың тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялардың маңыздылығы айқын. Қазіргі таңда «мемлекет бір мезгілде инвестор ретінде де, инвестициялық қызметтің бастамашысы және реттеушісі ретінде де әрекет етеді». Мемлекет шетелдік инвесторлар үшін кепілдіктерді сақтай отырып, ұлттық мүдделерді қорғау және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету арқылы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылады. Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша әлемдік практиканың мемлекеттік секторларына шетелдіктердің қолжетімділігі бойынша халықаралық тәжірибеге талдау ұсынылған. Экономиканың әртүрлі салаларында шетелдік инвестицияларды пайдалану қажеттілігі туралы тезис оның орындылығы мен тиімділігін анықтай отырып қарастырылады. Автордың пікірінше шетелдік капиталды пайдалану саясатын жасау кезінде аталған екі өлшемге сүйену керек. Біріншіден, шетелдік капиталды құюға тыйым салуды көздейтін салалардың үш блогы бар; екіншіден, лицензия алу арқылы шетелдік капиталды пайдалануды шектеу; үшіншіден, шетелдік және отандық инвестициялары бар компанияларды құру жағдайларының теңдігі. Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасын жетілдірудің ұйымдастырушылық-құқықтық тетігі белгіленген.