ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЙБІР ОҢ БЕТАЛЫСТАР

Авторлар

  • Назгүл Амантайқызы Хамзина

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_156

Кілт сөздер:

заңнама терминдері, қолданыстағы заңнама, терминдердің бірізділігі, мемлекеттік тіл, аударма

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік тілдің іс жүзінде қолданылуына қатысты мәселенің орын алуына себеп болатын өзекті проблема көтерілген.  Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілге деген ерекше құрметтің болуы тиістігіне баса назар аударады.

Термин сөзді контексіне қарай қолдану шеберлігімен қатар, терминдер жүйесінің лингвистикалық табиғатын, заңнаманың түрлі саласының ұғымдар қолданылатын терминдерді біріздендіру сияқты терминологияға қатысты жұмыстарды жоғары кəсіби деңгейде жүргізу, сараптаманың ғылыми негізі мен əдістемесін жетілдіру де кіреді.

Қолданыстағы заңнамада терминдердің қолданылуына қатысты заңнамалық және құқықтық-ресми тіркестердің іс жүргізу құжаттамаларындағы, құқықтық нормасы бар тұрақты тіркестердегі жиі кездесетін терминдік қолданыстарды саралаудың маңызды ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар заңнамалық тұрғыдан мысалдар келтіре отырып, олардың түпмәтіндік қолданылуының лексикалық кейбір сипаты туралы тұжырым жасалады. Атап айтқанда, қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тиісті баптарын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қолданыстағы кейбір заңнамалық актілердің тиісті баптарын көрсете отырып, практика барысында тектүпнұсқалылық мәселесі сөз етіледі.

Мақала соңында автор қалыптасқан заңнаманың мемлекеттік тілге аудармасының оң жағдайға жеткенін айта келе, қалыптастырылған заңнама тілі бұдан былай шет тілден енген, жаңадан шыққан терминдермен ғана толығады деп тиянақтайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Хамзина, Н. А. (2020). ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЙБІР ОҢ БЕТАЛЫСТАР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(62). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_156

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан