ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ЕҢБЕК
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_52Кілт сөздер:
Жаңа Қазақстан, әділеттілік, еңбек, еңбек қатынастары, цифрландыру, заңнама, қағидаттарАңдатпа
Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» Жолдауын орындау мақсатында республикалық референдумда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, осы кезден бастап қоғам мен мемлекеттің барлық салаларында заңнамалық базаны жаңарту басталады.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын цифрландырудың белсенді процесі жағдайында әлеуметтік-еңбек қатынастары субъектілерінің азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауына кепілдік беру қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының Жаңа Әділлетті Қазақстанның құрылуының саяси бағытына сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ҚР ЕК) «еңбек әділеттілігі» қағидатын бекіту қажеттігі белгіленді, әлеуметтік-еңбек қатынастары субъектілерінің әділетті өзара қарым-қатынастарды жүзеге асыруының белгілі бір кепілдіктерін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы тұжырымдар негізделді.
Осыған байланысты, жұмыста оны «Жаңа Әділетті Қазақстан» саяси бағытына сәйкестендіру жолымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жаңғыртудың кейбір жолдары қаралды. Жүргізілген зерттеу негізінде еңбек әділеттілігі қағидатын бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастары субъектілерінің өзара қарым-қатынастарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалды. Дайындалған ұсыныстар халықтың мемлекеттік билік органдарына ғана емес, Қазақстан Республикасындағы жұмыс берушілер мен кәсіптік одақтарға деген сенім деңгейін арттыруға және нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының жүйесіне «еңбек әділеттілігі» қағидатын енгізу әлеуметтік-еңбек қатынастарының дамуына жағымды әсер етеді, өйткені бұл новелла субъектілерге моральдық өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруға және өз міндеттерін орындауға әділ қарауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде осы құқықтық қатынастарға қатысушылар тарапынан адалдық, парасаттылық және әділеттілік презумпциясын күшейтеді.