ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ: ТҮСІНІГІ, ҒЫЛЫМИ ДОКТРИНАДАҒЫ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_233Кілт сөздер:
Халықаралық университет, білім беруді интернационалдандыру, халықаралық университеттерді құқықтық реттеу, халықаралық келісімдер, халықаралық университеттер туралы заңнама, университеттерді интернационалдандырудың ұлттық және халықаралық-құқықтық негіздеріАңдатпа
Мақала жоғары білімді интернационалдандыру жағдайында халықаралық университеттердің қызмет ету мәселелеріне арналған. Әлемдегі халықаралық университеттердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл оларды жіктеуге, университеттердің жекелеген түрлерінің жалпы және ерекше белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін талдау жүргізуді талап етеді. Осылардың негізінде халықаралық университет ұғымын анықтауға болады.
Бұл тұрғыда халықаралық университеттердің жіктелуі мен тұжырымдамасына доктриналық көзқарастардың арақатынасын және оларды заңнамалық тұрғыдан бекіту маңызды. Автор «халықаралық» терминін университетке қолдануға болатын негізгі критерийлерді ашады. Бұл өлшемдер университетті ұлттық білім және ғылым жүйесінен тыс ЖОО ретінде сипаттайтын қызмет саласын анықтайды. Сонымен бірге, мақалада халықаралық университеттердің әртүрлі түрлеріне қарамастан, «халықаралық университет» термині екі немесе одан да көп елдердің өкілдерінің еркімен халықаралық келісімдер негізінде бірлесіп құрылған және серіктестердің қатысуымен жаңа тәуелсіз мекемелерге айналған жоғары оқу орындарына қатысты жиі қолданылады.
Мақала авторы ҚР нормативтік құқықтық актілеріндегі доктриналық көзқарастарды көрсету мәселелеріне жеке тоқталып, халықаралық университеттердің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін білім және ғылым саласындағы заңнамалық өзгерістердің эволюциясын көрсетеді