ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КЕЙБIР ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ

Авторлар

  • Айжан Амангелді Евразийская юридическая академия им. Д.А. Кунаева, Научно-исследовательский центр Академии МВД РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_97

Кілт сөздер:

зияткерлік меншік құқығы,, заңнаманың күрделі саласы,, жария құқық нормалары.

Аңдатпа

Мақалада зияткерлік меншіктің қандай да бір аспектілерін реттейтін жария құқық нормалары талданған. Зияткерлік меншік құқығы азаматтық құқықтың кіші саласы бола тұра, жеке құқықтың нормаларынан ғана емес, сондай-ақ жария құқықтың нормаларынан тұрады, яғни заңнаманың кешенді саласы болып табылады. Атап айтқанда жарияланған өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге, тауар таңбасына, қызмет көрсету белгісіне, тауарлар шығарылған жердiң атауына, селекциялық жетістіктерге (өсімдіктер сұрпына және жануарлардың тұқымына) уәкілетті органның сараптама ұйымы тарапынан құқықтық қорғау беруге қатысты қатынастар императивтік бастамаларға негізделген ҚР әкімшілік заңнамасының нормаларымен реттеледі. Сонымен қатар қандай да бір жарияланған объектіге патент немесе куәлік түріндегі қорғау құжатын беруден бас тартылған тұлғалар міндетті сотқа дейінгі тәртіпте ҚР Әділет министрлігінің Апелляциялық кеңесіне қарсылық бере алады және осыдан кейін ғана сотқа жарияланған объектіні зияткерлік меншік объектісі ретінде танудан бас тартқан сараптама ұйымының шешімін даулау туралы талаппен жүгіне алады. Бұл қатынастар да әкімшілік процедуралық-процестік заңнамасының нормаларымен реттеледі. Зияткерлік меншік құқығы сондай-ақ салық, кеден заңнамасының нормаларымен реттеледі. Сонымен зияткерлік меншік құқығы өзінің мазмұны бойынша азаматтық құқықтың кіші саласы болып табылады, өйткені құқықтық реттеудің сол пәніне, әдісіне ие, ал нысаны бойынша зияткерлік меншік құқығы кешенді заңнама саласы болып табылады, өйткені ол жеке, сондай-ақ жария заңнаманың нормаларынан тұрады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

27.09.2023

##submission.howToCite##

Амангелді A. (2023). ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КЕЙБIР ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(74). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_97

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық