МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
мұсылман құқығы, мұсылмандық қылмыстық-құқықтық доктрина, қылмыс, қылмыстың элементтері, легалдық элемент, материалдық элемент, моральдық элементАңдатпа
Мақалада мұсылман құқығындағы қылмыс түсінігінің ұғымы талданылды. Мұсылман құқығындағы қылмыс теориясының жасалуы екі негізгі философиялық-дін ілімі бастауларына сүйене отырып жүргізілген:адамдардың барлық іс-әрекеттері мен ойлары Алланың еркімен айқындалған және қылмыс Алланың еркін мойындамау ретінде қарастырылған. Осы көзқарас бүкіл мұсылмандық қылмыстық-құқықтық тұжырымдамаға әсер еткен. Яғни, қылмысты үлкен күнә ретінде қарастырған кең мағына, оның тар формальды-заңи анықтамасымен үйлесе отырып, жасалған қылмыстың құқықтық салдарларының екі жақты болмысын анықтайды.