ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП - ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_33Кілт сөздер:
мемлекеттілік, заңдылық, құқықтық тәртіп, құқықтық нормалар, ұлттық заңнама, мемлекеттік басқару механизміАңдатпа
Ғылыми мақалада ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың және дамытудың негіздері болып табылатын мемлекеттілік институт заңдылықтың және тәртіптің өзара байланыстылығында қарастырылады. Соңғы кездері аталған тақырып аясында жарық көрген еңбектердің көптігіне қарамастан, біз «Жаңа Қазақстан» деп анықтаған қоғамның тыныс-тіршілігінде ұлттық мемлекеттіліктің заңдылық пен тәртіппен өзара қатынасын қамтамасыз ету өзектілігі арта түсуде. сәйкес шарты Қазіргі кезеңде барлық құқық қатысушылардың құқық нормаларын ұстануы, олардың құқыққа сәйкес болу шарты сақталғанда ғана, тәртіпті орнатуға негіз бола алады. Бүгінгі таңда мемлекетті басқару механизмінің өміршеңдігінің маңызды құралы ретінде барлық элементтері үздіксіз жетілдіруге бағытталған. Заңдылық қағидаттарын іске асырудың тиімді тетіктерін қалыптастыру еліміздің азаматтары тарапынан қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан қорғау, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту талаптарының артуы себепті туындап отыр. Алайда, іс жүзінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жариялау нормалардың нақты қоғамдық қарым-қатынастарға сәйкестігі адамдардың құқықтарын, бостандықтарын қорғауға кепілдік бермейді. Осыған байланысты, аталған мақалада мемлекеттік билік механизм функцияларын жүзеге асыру жүйесінде заңдылық пен құқық институттары бірін- бірі толықтырушы қосымша негіздер ретінде қарастырылады. Зерттеудің құндылығы және практикалық маңыздылығы заңдылықтың және құқық тәртібі деңгейінің төмендеу себептерін қорытумен қатар, елімізде мемлекеттілікті қалыптастыру процесін жақсарту бойынша нақты ұсыныстар беру, мемлекеттің осы бағыттағы іс-шараларын анықтай отырып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жоспарларын айқындау болып табылады.