ӘУЕ ЖӘНЕ ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢ ШЫҒАРУ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Дана Өмірбекқызы Байтоқаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • Филипп Ахиллес Ғарыш және телекоммуникация құқығы институтының директоры, Париж Сюд Университеті, Франция

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_168

Кілт сөздер:

Ұшу қауіпсіздігі, халықаралық міндеттемелер, бірлескен жауапкершілік, құқықтық тәртіп, транзиттік келісім, ғарыш саласы, бірлескен ғарыш жобалары, нормативтік актілер

Аңдатпа

 Мақалада халықаралық құқық нормалары және Қазақстан Республикасының және басқа елдердің заңдары тұрғысынан әуе және ғарыш кеңістігінің белгіленген құқықтық режимін реттеу тәжірибесі қарастырылған. Зерттеу барысында әуе және ғарыш қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесінің жай-күйіне талдау жасалды. Осы салалардағы заңнаманы дамытудың кейбір ерекшеліктері берілген. Кез келген орбиталық немесе суборбитальды ұшу, белгілі болғандай, ауаны да, ғарыш кеңістігін де пайдаланумен байланысты. Халықаралық құқықтың бұл салалары әртүрлі принциптерге негізделген және әртүрлі құқықтық режимдерге ие. Және бұл айырмашылықтарды ғарыштық операциялар, соның ішінде ғарыш туризмі (ұшу) саласындағы жаңа жетістіктерге байланысты ескеру қажет. Тақырыптың өзектілігі әлемнің көптеген мемлекеттерінің осы аумақтарды коммерциялық мақсатта, ал соңғы кезде әскери мақсатта пайдалануға деген қызығушылықтарының артуымен анықталады.Бұл процестер ғарыштық құқыққа жаңа құқықтық қиындықтар туғызды. Бұл зерттеу ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласында нақты құқықтық ережелерді қабылдау қажеттілігін ашады. Зерттеу сонымен қатар қазіргі әуе кеңістігі концепциясы оның икемділігі мен ағымдағы өзгерістерге бейімделуі тұрғысынан жаңартылуы керек деген қорытындыға келеді.

 Мәселені зерттеу мақсатында елдердің заңнамаларына талдау жасалды. Жұмыста танымның жалпы ғылыми әдістерімен қатар, тарихи әдіс, салыстырмалы талдау әдісі және жүйелік тәсіл сияқты арнайы әдістер кеңінен қолданылады.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

Халықаралық құқық кафедрасының оқытушы, заң ғылымдарының магистрі

##submission.authorWithAffiliation##

Париж Сюд Университеті құқық профессоры,

Ғарыш және телекоммуникация құқығы институтының директоры,

Париж, Франция

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2023

##submission.howToCite##

Байтоқаева D. U., & Ахиллес P. (2023). ӘУЕ ЖӘНЕ ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢ ШЫҒАРУ ТӘЖІРИБЕСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(73). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_168

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану