ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_128Кілт сөздер:
психологиялық қолдау, кәсіби қарым-қатынас, жедел-іздестіру қызметі, құқық қорғау органдары, жедел-іздестіру психологиясыАңдатпа
Қазақстанның нарықтық жүйесіндегі елеулі өзгерістер, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, қоғамның құқық қорғау органдарының қызметін елеулі жақсартылуына деген қажеттілігі жедел-іздестіру қызметі (бұдан әрі-ЖІҚ) қызметкерлерінің құқық қорғау органдары жүйесінде кадр саясатын ғылыми әзірлеу және практикалық іске асыру міндетін басым мәселенің бірі ретінде қалыптасыуына әкелді.
Осы мақсатта ЖІҚ қызметкерінің кәсіби қызметінің ерекшелігін жан-жақты зерттеу, осы қызметтің психикаға қойылатын талаптарын, ЖІҚ қызметкерінің жеке басын анықтау, оның кәсіби жарамдылығының немесе Құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге жарамсыздығының нақты өлшемдерін ажырату қажет.
Ғылыми зерттеу барысында біз мынадай қорытындыға келдік:
- ЖІҚ қызметкерлерін психологиялық даярлау-құқық қорғау органдары қызметінің бағыттарының бірі. Ол қызметкерлерде әртүрлі стресс-факторларға психологиялық тұрақтылықты, ЖІҚ-де психологиялық қиын жағдайларда тиянақты және сенімді әрекет ету қабілетін, сондай-ақ стресске төзімділікті дамытуды қалыптастырады. Бұл өте маңызды, өйткені барлық ЖІҚ қызметкерлері жұмыс көлемініне төзе бермейді және тез эмоциналды түрде күйіп кетеді;
- ЖІҚ қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынасы белгілі бір әлеуметтік ортада қабылданған сөйлеу мінез-құлық ережелеріне негізделген кәсіби және кәсіби емес формаларға байланысты;
- ЖІҚ қызметкерлерін дайындайтын арнайы оқу орындарының курсанттары, психологтар «Құқықтану», «Психология» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттар үшін «жедел-іздестіру психологиясы» арнайы курсын өткізу қажет.
Курсты өткізу барысында танымдық психикалық процестерді дамытуға (сезім, қабылдау, ұсыну, қиял, ойлау, есте сақтау, зейін, сөйлеу), адамдармен жұмыс істей білуге (психологиялық байланыс орнату, оларға әсер ету және т.б.), шындықты анықтауға және дұрыс шешім қабылдауға арналған тренингтер өткізу өзекті болып табылады.