Авторларға арналған ақпарат

Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы - рецензияланатын ашық қолжетімді заң журналы. Жаршыда  мақала жариялау кейбір жағдайларда ақылы болып табылады.

Егер редакцияға жаңа мақала жібергіңіз келсе «Журнал туралы ақпарат» бөлімімен танысуыңызды сұраймыз. Бұл жерде сіз Журнал ережелерімен қатар Авторлар нұсқаулығы туралы ақпарат ала аласыз. Авторлар ең алдымен жүйеге енуі немесе жүйеге тіркелмеген жағдайда тіркелуі тиіс. Мақаланы редакцияға жіберу 5 қадамнан тұрады.

Құрметті авторлар мен оқырмандар! 

Күнтізбелік жылы автор журналда ең көп дегенде екі мақала, соның ішінде бірлескен авторлықпен, жариялай алады.

Журналда ғылыми мақаланы жариялау үшін төлем мөлшері мақаланың көлеміне байланысты және белгілі бір күнтізбелік жылға қолданылатын айлық есептік көрсеткіш мәніне байланысты және де келесі өлшем құрайды:

1) ЗҚАИ қызметкерлері үшін (оның ішінде қоса атқаратын қызметкерлер үшін) – 3 АЕК. Бұл ретте, егер ЗҚАИ қызметкері мақаласын Институттан тыс жұмыс жасайтын автормен бірлесіп жазған болса, онда төлем мөлшері баспа белгілерінің санына (бос орынсыз) байланысты болады.

2) көлемі 10-нан 15 мың таңбаға дейінгі мақалалар үшін (бос орынсыз) – 7,5 АЕК;

3) көлемі 15 мыңнан 20 мыңға дейінгі (бос орынсыз) мақалалар үшін - 10 АЕК;

4) көлемі 20 мыңнан 25 мыңға дейінгі (бос орынсыз) мақалалар үшін – 12,5 АЕК;

5) көлемі 25 мыңнан 30 мыңға дейінгі (бос орынсыз) мақалалар үшін - 15 АЕК. Соңғы нұсқада мақаланың көлемі артқан кезде әрбір 1000 таңба үшін 1 АЕК қосымша ақының мөлшері белгіленсін;

6) шетелдік (оның ішінде ҚР авторларымен бірлескен) авторлар үшін – тегін;

7) Хирш индексі 10-нан асатын авторлар үшін – тегін;

8) Scopus-та және/немесе Web of Science-те (жалпы) 5-тен астам жеке жарияланымы бар авторлар үшін – тегін;

9) «Мұрағат беттері» айдарынан жарияланым төлеуге жатпайды.

Бұдан басқа, редакциядан мыналарды қамтитын қосымша қызметтер пакеті бар:

Жарияланымның жеделдігі үшін  – жарияланым құнының 100% мөлшерінде. Егер автор ағымдағы жылы екі жарияланым болған жағдайда гранттық қаржыландыруды іске асыруға байланысты міндеттемелер туындаған жағдайда да жарияланымның жеделдігіне жол беріледі;

Мәтінді түзету (редакциялық түзету) – 5 АЕК-тен (жұмыстың күрделілігіне байланысты);

Аннотация мәтінін аудару – 3 АЕК;

Мақала мәтінін ағылшын тіліне аудару – 8 АЕК;

Библиографиялық сілтемелерді ресімдеу – 5 АЕК.

Рецензиялаудың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін, қорытынды кезеңде, төлем институттың деректемелері бойынша кез келген екінші деңгейдегі банкте не оның мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Деректемелер:

ҚР ӘМ «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК:

  • БИН   990540004034
  • КБЕ   16
  • ИИК   KZ806010111000188627
  • БИК   HSBKKZKX
  • АО «Народный Банк Казахстана»
  • КПН 890

Құрметті авторлар!

Редакция аннотацияны ағылшын тілінде, сондай-ақ мақаланың ағылшын тіліндегі мәтінін сапалы ұсыну қажеттілігіне ерекше назар аударады. Тікелей аударманы пайдалану жиі байқалады. Авторлардан мәтін жазуға қойылатын стандартты талаптарды сақтауды сұраймыз.