АҚПАРАТ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер:
ақпарат, қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, қасиеттер, қағидаттар, ЕАЭО, БҰҰАңдатпа
Бұл мақалада автор ақпаратты халықаралық-құқықтық қорғау объектісі ретінде, оның өзіндік сипаттарын, қағидаларын, ерекшеліктерін қарастырады. Осы мәселе бойынша ғалымдардың тұжырымдамалары мен көзқарастары зерттеледі.
Бүгінгі күні ақпарат ұлттық және халықаралық деңгейде қорғаудың маңызды объектілерінің бірі болып табылады, өйткені оның әрбір адамның және жалпы мемлекеттің өміріне әсері орасан зор.
Ақпараттық технологияларды, Интернет желісінің дамуымен біздің әрқайсымыз әртүрлі ақпараттың үлкен көлемін қамтитын әлемдік ақпараттық кеңістікке қосылған болатын.
Сондықтан мемлекеттер мен халықаралық қоғамдастық алдында осы саланы құқықтық реттеу туралы, ақпараттық құқықтарды қорғау туралы, сондай-ақ елдер мен жеке алынған әрбір азаматтың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселе тұр.
Құқықтық қорғау объектісі ретіндегі ақпарат оның сипатты белгілері болып табылатын және көптеген заңнамалық актілер мен халықаралық құжаттарда бекітілген бірқатар қағидаттар мен қасиеттерге ие.
Бұл мақалада автор халықаралық-құқықтық қорғау объектісі ретінде ақпараттық және халықаралық құқық доктринасында зерттелетін ақпараттың жалпы сипатын анықтауға және «ақпарат» ұғымына талдау жасауға және оны ЕАЭО - қа қатысушы елдердің заңнамаларында және халықаралық деңгейде: БҰҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ, Еуропа Кеңесі шеңберінде қорғауға әрекет жасалды. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және ақпаратты қорғау тарихы баяндалады.