ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ РЕТТЕУ МЕН ЗАҢНАМАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ РЕТТЕУ МЕН ЗАҢНАМАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Мереке Қонысханқызы Жұрұнова РГП на ПХВ ИЗПИ
  • Нурбек Исабай «Астана» халықаралық университеті
  • Алишер Серикболович Ибраев «Астана» халықаралық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_381

Кілт сөздер:

жер қатынастары, цифрлық реттеу, жер заңнамасы, құқықтық мониторинг, электрондық кадастр, цифрлық трансформация, заңнаманың тиімділігі, жер құқықтары

Аңдатпа

Мақалада цифрлық трансформация ұғымының құқықтық жүйеге ықпалы мен оның мазмұны жан-жақты қарастырылады. Негізгі назар жер құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан цифрландыру үдерістеріне және осы бағыттағы заңнамалық реформалардың тиімділігін бағалау тетіктеріне аударылады. Сонымен қатар, құқықтық мониторингтің рөлі мен оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңыздылығы сарапталып, халықаралық тәжірибелер мен үздік шетелдік үлгілер талданады. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы цифрлық реформаларды құқықтық тұрғыдан жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар мен бағалар ұсынылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы құқық қолдану тәжірибесінде анықталған проблемаларды ескере отырып, келесі басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді: электрондық аукциондар мен кадастрлық деректердің ашықтығын арттыру; уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан әділдік пен теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жер қатынастары саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сапасын жетілдіру цифрлық трансформацияның құқықтық негіздерін нығайтып, құқықтық тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.

Зерттеу барысында ұлттық заңнаманың нормалары мен олардың тәжірибелік қолданылу нәтижелерін салыстырмалы тұрғыдан сараптау арқылы белгілі бір кемшіліктер мен қайшылықтарды жоюға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу көзделеді.       Осыған орай, мақаланың басты мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының нормативтік-құқықтық актілерде көзделген тәртіп бойынша қаншалықты тиімді қорғалатынын бағалау, олардың құқықтық кепілдіктерінің артықшылықтары мен олқылықтарын айқындау, сондай-ақ сот тәжірибесін және қоғамдық пікірді ескере отырып, құқықтық реттеуді жетілдіру жөнінде тұжырымдар жасау болып табылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

23.12.2025

##submission.howToCite##

Жұрұнова, М. Қ. ., Исабай, Н., & Ибраев, А. . С. . (2025). ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ РЕТТЕУ МЕН ЗАҢНАМАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ РЕТТЕУ МЕН ЗАҢНАМАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(4). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_381