ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛДАР ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЗАҢДЫҚ ТҮРДЕ ШЕШУІ

Авторлар

  • Марат Алдангорович Сарсембаев
  • Айман Кудайбергеновна Кусаинова

Кілт сөздер:

ранзиттік әлеует, құқықтық реттеу, заңнама, транзиттік шарт, әлемдік тәжірибе, көлік дәлізі, көлік инфрақұрылымы

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының тауарлар мен жүктерді тасымалдаудың транзиттік мәселелерін шешудің құқықтық нысандары мен құралдары қарастырылады. Мұнда транзиттік және көлік мәселелері туралы қазақстандық заңнаманың проблемалары және оларды шешу жолдары, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік тәжірибе негізінде транзиттік мәселелер бойынша келісімшарттарды әзірлеуге және қол қоюға қатысуы талданды. Осы мәселелердің өзектілігі - Қазақстанның көліктік және транзиттік әлеуетін дамыту кезінде оның жаһандану үрдісі жағдайында республика экономикасын жетілдірудің ажырамас бөлігі болып табылатындығымен анықталады. Транзиттік халықаралық тасымалдар көлемінің ұлғаюы қазақстандық экономиканың өсуін жеделдетуге және оны жаһандық көліктік жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Қазақстанның көліктік және транзиттік қатынастары елеулі өзгерістерге ұшырады. Оң нәтижелермен қатар, авторлар транзитті дамыту үшін республиканың әлі шешуі қажет болған бірқатар мәселелерді атап өтеді. Қазақстан көліктік-географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, осыған байланысты қазіргі таңда мемлекеттік органдар тарапынан да, мүдделі компаниялартарапынан да көлік байланыстарының тиімділігін арттыруға назар аударылуда. Негізгі нәтижеге қол жеткізу үшін -  Қазақстанның транзиттік әлеуетінің басқа елдер үшін де басым ету жолымен осы саладағы шынайы бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуге ортақ күш салу қажет. Осыған жету үшін елдер арасындағы транзиттік қатынастарды реттеудің әлемдік тәжірибесін ғылыми-құқықтық зерттеу және осы тәжірибені Қазақстанның транзиттік проблемаларын құқықтық түрде табысты шешуге арналған әдістердің бірі ретінде пайдалану септігін тигізеді. Сондай-ақ авторлардың көліктік және транзиттік әлеуетті жүзеге асыру шеңберінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстары бар. Атап айтқанда, транзит туралы жаңа қазақстандық заңды және әлемдік қоғамдастықта транзиттік проблемаларды шешу туралы дүние жүзілік конвенцияны әзірлеу және қабылдау қажеттілігі.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Сарсембаев, . М. А., & Кусаинова , А. К. (2019). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛДАР ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЗАҢДЫҚ ТҮРДЕ ШЕШУІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/288

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану