ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ НОРМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ

Авторлар

  • Мира Жұмағазықызы Куликпаева

Кілт сөздер:

ғарыш қызметі, халықаралық ғарыш құқығы, БҰҰ Ғарыш бойынша Комитеті, «Байқоңыр» кешені, мемлекеттердің жауапкершілігі, нормаларды имплементациялау

Аңдатпа

Ғарыш қызметіндегі жауапкершілік тақырыбы біздің ел үшін біршама өзекті болып қала береді. Өйткені өз аумағында әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы бар, әрі өзінің ғарыш саласын қалыптастырып, дамытып отырған біздің ел үшін де өз шешімін табуы тиіс даулы жағдайлар туындап отырады. «Байқоңыр» кешені Ресей Федерациясына жалға берілген және ғарыш объектілерін ғарышқа ұшыру болып тұратын жағдайда зиян әкелетін штаттан тыс жағдайлар туындап тұрады. Осыған байланысты халықаралық ғарыш құқығында көзделген жауапкершілік туралы нормалар ғарыш қызметінің қатысушы-мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында көрініс табуы маңызды. Қазақстандық ғарыш саласы ұзақ уақыт бойы заңға сәйкес актілермен реттелген еді, тек 2012 жылы ғана алғашқы және қазіргі қолданыстағы «Ғарыш қызметі туралы» Заң қабылданды. Ол Заңда осы салаға қатысты халықаралық құқықтық стандарттардың бірқатары ескерілген, дегенмен, кем тұстары да бар. Бұл мақала халықаралық ғарыш құқығының ғарыш қызметіндегі жауапкершілікке қатысты нормаларын зерттеуге, сондай-ақ, олардың Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына имплементациялану деңгейін анықтауға бағытталған.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Куликпаева, . М. Ж. (2018). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ НОРМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/314

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану