ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ТУРАЛЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАМТИТЫН КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
халықаралық құқық, терроризм, халықаралық терроризм, терроризмге қарсы күресАңдатпа
Мақалада Халықаралық терроризммен күрес туралы Жан-жақты конвенция жобасында келтірілген «халықаралық терроризм» ұғымын шектеуге қатысты тәсілдеменің кейбір аспектілері қарастырылады. Мақалада аталған тәсілдеменің жекелеген кемшіліктері көрсетілген және де терроризм ұғымына кешенді және унификацияланған анықтама беру қажеттілігіне қайта оралу ұсынылады. Осыған орай, «терроризм» ұғымына келесідей анықтама беру ұсынылады:
сипатына немесе контекстіне сәйкес мақсаты тұрғындарды қорқыту немесе үкіметті, не болмаса жалықаралық ұйымды қандай-да бір әрекет жасауға немесе ондай әрекет жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу болып табылатын, террористік актіге дайындалуға, қаржыландыруға немесе жасауға бағытталған қызмет;
немесе
терроризм субъектісінің мүддесіндегі мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары әрекеттеріне ықпал етуге көмектесетін (не халықаралық қатынастарға және құқықтық тәртіпке зиян келтіретін) мемлекеттерде терактілерді даярлауға, қаржыландыруға және жасауға бағытталған қызмет.