ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
Кілт сөздер:
интегралдық микросхемалар топологиясы, авторлық құқық, айрықша құқық, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл, түпнұсқалық топология, шығармашылық қызмет, лицензиялық шарт, тіркеуАңдатпа
2017 жылғы қаңтарда «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасында интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтық реттелуі мен пайдаланылуына талдау жүргізілді.
Жүргізілген талдау аталған зияткершік меншік объектісінің құқықтық реттелуінде проблемалық сұрақтардың болуын және интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануын енгізу және тарату үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында осы саладағы нормативтік құқықтық актілердің ережелерін түбегейлі қайта қарастыру қажеттілігін көрсетті.
Интегралдық микросхемалар топологиялары институты зияткерлік меншік құқығының ең аз зерделенген бөлімі болып табылатынын және жалпы Т.Е. Қаудыров, Л. Подшибихин, М.А. Коломейцева, В.А. Корнеев, М.И. Никитина және т.б. сияқты саны көп емес заңгер-ғалымдармен зерттелгенін атап өту қажет.
Осылайша, интегралдық микросхемалар топологияларының ұғымы, оларды құқықтық қорғау, зияткерлік меншіктің өзге объектілерімен ара қатынасы мәселелері, біздің пікірімізше, жеткіліксіз зерттелген және зерделеу мен талдауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруінің басым бағыттарының бірі ретінде ғылыми қамтымды экономика құру көрсетілген, ал бұл Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыруды, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіруді көздейді.
Сонымен қатар Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуінің негізгі бағыы ретінде елде зияткерлік меншік құқығымен және сауда маркасымен қорғалған тауарлар өндірісі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру белгіленген.
Осыған байланысты бұл зерттеудің мақсаты интегралдық микросхемалар топологиялары саласында ұлттық және шетел заңнамасына талдау жүргізу және осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Осы зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласын, оның ішінде интегралдық микросхемалар топологияларын реттейтін заңнамасын жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ қ

