ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (ЗАҢНАМА МОНИТОРИНГІ)
Кілт сөздер:
құқық қорғау қызметі, құқық қорғау органы, құқық қорғау органының басшысы, ротация, құқық қорғау органының қызметкеріАңдатпа
Бұл зерттеуде жоғарыда белгіленген, 2011 жылы қабылданған және қазіргі уақытта жеке ережелері біркелкі емес заңдық табиғаты бар Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының толық талдауы көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында құқықтық және демократиялық мемлекеттің талаптарына жауап беретін құқық қорғау жүйесі қалыптасып және тиімді түрде жұмыс жасап жүр деп постулатталған.
Осымен бірге мемлекеттің құқық қорғау әрекеттері өзінің ары қарай дамуын және жетілдіруін талап етеді. Осыған байланысты, қылмыспен күрес, заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, мемлекеттің кез келген құқық бұзушылыққа жауабы болмай қоймайтындығы, құқық бұзушылыққа «нөлдік шыдамдылық» көрсету принципін мүлтіксіз қолдану, қылмыстарды жылдам, әрі толық ашу, оларды жасаған тұлғаларды әшекерлеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара әрекеттесу бұл қызметтегі басымдық болып табылады.
Бұл есептердің шешімін табу үшін кадр саясатынының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәртібіне және біліктілігіне талаптарын арттыру керек. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруын қамтамасыздандыру мақсатында олардың қызметін сандық қана емес, сапалық көрсеткіштері бойынша бағалау критерилерін анықтау керек.
Қолданыстағы халықаралық және ұлттық заңнаманың, заңды және арнайы әдебиеттің, құқық қорғау саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің үлкен бөлігін қабылдау нәтижелі болу үшін талдамалы материал шартты түрде үшке бөлінеді: 1. Зерттеліп отырған салада Қазақстан территориясында қалыптасқан заңнаманы талдау. 2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның бөлек жетіспеушіліктері. 3. Ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар.