ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНДЕ ЖАЗАЛАУДЫ РЕТТЕУ БӨЛІГІНДЕГІ КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАР ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
жаза түрлері, айыппұл, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру, шартты түрде соттауАңдатпа
Осы мақалада Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жазаны реттеуге қатысты жекелеген мәселелері қарастырылады. ҚР соттарымен жаза тағайындау практикасына талдау жүргізілді, соның негізінде нақты тұжырымдар жасалынды. Мақала жаза жүйесі (ҚК 40 бабы) мен оның бөлек түрлерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, мақала жазаның ең оңтайлы нақты түрін анықтауын мақсат қоймайды, бірақ бас бостандығынан айырумен байланыспайтын жазаларды қолдану аясын одан әрі кеңейту қажеттілігі туралы тұжырым жасалынады.
Қылмыстық жазалардың түрлері мен жүйесін реттейтін ҚК нормаларының қайшылықтары мен олқылықтарының болуы, олардың тиімділігін төмендетеді, соның салдарынан жазалар мақсаттарына дейін жете алмай қалады.
2014 жылы Қылмыстық кодекстің қабылдануы 2015-2016 жылдары соттармен тағайындалған жазалардың жалпы құрылымына оңтайлы әсер етті. Соның ішінде, айыппұлдың тағайындалуы айтарлықтай артты. Сонымен қатар, осыған көбінесе ҚК баптарын қайта қарап, оларға айыппұл түріндегі баламаны қосу есебінен қол жеткізілді.
Мақалада, 1997 жылғы ҚК қарастырылғандай, айыппұлдың жазалардың аралас түрлеріне жатқызылуы ұсынылады. Осыдан басқа, құқықтық олқылықты жою мақсатында екі дербес жаза түрлерін белгілеу ұсынылады – белгілі мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойына бас бостандығынан айыру. Сондай-ақ ҚК-тен шартты түрде соттау институтын бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен біріктіру арқылы алып тастауының мақсатқа лайықтылығы жөнінде айтылады.