КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРIНIҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШIЛIГIН МIНДЕТТI САҚТАНДЫРУДЫ РЕТТЕЙТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫН ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
міндетті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк, көлік құралдарының иелері, сақтандыру омбудсманыАңдатпа
Құқықтық мониторинг шеңберінде баяндаманың авторымен көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың кейбір мәселелері қарастырылған.
Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруы теорияда және тәжірибеде жеткілікті өзекті болған соң автормен көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізілген. Атап айтқанда «Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына егжей-тегжейлі талдау жүргізілген.
Автормен жоғарыда аталған Заңға талдау барысында кемшіліктер, ақаулықтар, тиімсіз нормалар табылған. Құқықтық талдаудың нәтижесінде көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы қолданыстағы заңнаманың кейбір нормаларын жетілдірудің негізгі бағыттары анықталған. Сақтандыру омбудсман институты зерттелген. Осы институтты зерттеу барысында автормен халықаралық (Германия) тәжірибе негізінде сақтандырылушының сенімін арттыру жолымен сақтандыру омбудсманның рөлін күшейту ұсынылған.
Сонымен қатар, баяндамада «Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен сәйкес келтіру қажеттілігі туралы, талданып отырған Заңға тиісті өзгерістер енгізу жолымен тиімсіз жүзеге асырылатын нормаларды, кейбір кемшіліктерді алып тастау қажеттілігі туралы мәселелер қозғалуда.
Баяндамада, сондай-ақ, автормен талданып отырған Заңына өзгерістер енгізудің тұрақтылығын анықтау тұрғысынан статистикалық деректер көрсетілуде.