МҰРАГЕРЛІК ИНСТИТУТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚОЛДАНУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Кілт сөздер:
мұрагерлік құқық, мұраны қабылдау, мұраны қабылдау тәсілдері, мұраны қабылдау құқығының ауысуы, мұраға құқық туралы куәлік беруАңдатпа
Мұрагерлік құқықтық қатынастың шешуші кезеңдерінің бірі – мұраны қабылдау. Қайтыс болған азамат мүлкінің (мұра қалдырушы) құқықтары мен міндеттерінің мұрагерге ауысуы. Осының нәтижесінде мұрагер мұра мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мақалада мұраны алудың тәсілдерінің даму тарихына, соның ішінде Кеңес Одағы тұсында мұраны қабылдау институтының қалыптасу, осы зерттеуге қатысты ғалымдардың пікірлері, тәжірибеде кездесетін мәселелер және қазіргі кездегі қолданыстағы ережелер қарастырылған. Мұраны қабылдау институтына қатысты Отандық заңнамадағы өзгерістер, 1999 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан аралығында қайтыс болған тұлғаның мұрагерлері, алты айдың ішінде нотариусқа мұраны қабылдау туралы арыз беру міндетті болмағаны және оның салдары туралы мәселелер қарастырылған. Және 2007 жылғы 3 ақпаннан кейін мұраны қабылдау ережелеріне өзгерістер енгенін, яғни мұра ашылған жағдай қолданыстағы ҚР АК талаптарына сәйкес мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде мұрагерлер міндетті түрде нотариалдық кеңсеге мұраны қабылдау не одан мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арыз беруі мәселелері айтылады. Мұра қалдырушының мүлкін мұрагерлері қабылдамаған, не мұрагерлері болмаған және т.б. жағдайда, иесіз қалған мүлікті қорғау және оны басқаруға қатысты мәселелер айтылады. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлік трансмиссия) мен ұсыну құқығы бойынша мұрагерліктің айырмашылығы көрсетілген. Мұрагерлердің мұраны қабылдау тәсілдері бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру процестері жүйелі түрде талданған.