ТРИПС КЕЛІСІМІНДЕГІ ШЕКАРАЛЫҚ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_204

Кілт сөздер:

зияткерлік меншік, ДСҰ, ЕАЭО, ТРИПС жөніндегі келісім, контрафактілік тауар, шекаралық шаралар, ex – officio

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбының өзектілігі шекаралардағы зияткерлік меншік құқықтарын, әсіресе авторлық құқықпен қорғалатын жалған тауарлық белгілер мен қарақшылық тауарларға қатысты шекарадағы шараларды күшейту қажеттілігін мойындау маңыздылығына негізделеді. Осы мәселе Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ)  шеңберінде жүргізілген келіссөздер барысында да талқыланып, Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісіміне (бұдан әрі – ТРИПС Келісімі) шекаралық шаралардың тәртібіне қатысты ережелердің енгізілуіне түрткі болды. Мұндай шаралар, әсіресе жаһандық нарықтың кеңеюі мен өзара байланыстылығын ескере отырып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудағы және осы салада орын алған құқық бұзушылықпен күресудің алғашқы қадамы болды. Сондай-ақ, ТРИПС Келісімінің шарттарының бірі – «еx officio» қағидатын іске асыру болып табылады. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының ТРИПС Келісіміне сәйкес, әсіресе шекаралық бақылау шараларына қатысты зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қабылдаған шараларын қарастыру.  Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аталған Келісімдегі шекаралық шаралар туралы ережелері сараланып, сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше елдерінің кеден органдарының «ex-officio» қағидатының қолдануына талдау жасалынды. Мақаланы жазу барысында анализ, бақылау, нақтылау секілді ғылыми әдістер қолданылды. Авторлар мақалада осы бағытты зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Мақаланың соңында ЕАЭО елдері шекарадағы зияткерлік меншік құқығы объектілерін реттеуде ортақ стандарттарын қалыптастыруды одан әрі нығайту қажет деген қорытындыға келді.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының PhD докторанты, магистр

##submission.authorWithAffiliation##

з.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының доценті

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2022

##submission.howToCite##

Нуртай, М. Н., & Сайрамбаева, Ж. Т. (2022). ТРИПС КЕЛІСІМІНДЕГІ ШЕКАРАЛЫҚ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА ӘСЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(71). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_71_4_204

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану