ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРДІ РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_220Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, жер дауы, жер қатынастары, жер құқығы, тыңайтқыш, субсидияларАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын дамытудың кейбір заманауи құқықтық аспектілерін талдауға арналған. Қазіргі кезеңде аграрлық секторды дамыту жер учаскелерінің сапасы мен құнарлылығын арттыру, топырақ құнарлылығын экологиялық тұрғыдан тәуелсіз бақылауды енгізу, сондай-ақ су ресурстарымен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді реттеуді қажет етеді. Су ресурстары мен топырақ жағдайы мәселелері аграрлық саясаттың тиімділігімен тікелей байланысты және кешенді, саларалық тәсілді талап етеді.
Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында зор әлеуетке ие, ал фермерлік шаруашылықтар оның дамуына маңызды үлес қосады. Соңғы жылдары бұл салада фермерлік шаруашылықтардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған елеулі өзгерістер болды. Фермерлік шаруашылықтар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігін өндіреді және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығында негізінен дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, жеміс-көкөніс өнімдері, ет және сүт өндірумен айналысатын шағын фермерлік шаруашылықтар басым.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудағы өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешуге арналған ұсыныстар әзірлеу. Мақаланың міндеттері – осы мәселелер мен олардың құқықтық аспектілерін кешенді талдау.
Бұл зерттеу жұмысының материалдарын болашақта Қазақстан Республикасының Жер құқығы және Аграрлық құқығы сияқты пәндердің оқу үрдісінде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір маңызды мәселелердің көтерілуінде, оның нәтижелері нормашығармашылық қызметте пайдалы болуы мүмкін.

