БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТИІМДІЛІГІ МЕН БАЛАМАЛЫ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ: ШЕТ ЕЛДЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_192Кілт сөздер:
баламалы шаралар, құқық бұзушылық, қылмыстық заң, бас бостандығынан айыру, қоғамдық жұмыстар, сотталғандар, сот төрелігі, Еуропа елдері, АҚШАңдатпа
Мақалада құқық бұзушыларға бас бостандығынан айыру тәрізді қылмыстық жаза түрлерімен салыстырғанда баламалы ықпал ету шараларының тиімділігі зерттеледі. Құқық бұзушыларға қолданылатын баламалы ықпал ету шараларының тиімділігін зерттеу – теориялық және практикалық маңызы бар өзекті мәселе. Қазіргі қоғамға тек қылмыс деңгейін төмендетуге ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушыларды түзеуге, қылмыстың қайталануын азайтуға және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғауға бағытталған қылмыстық ықпал ету шаралары қажет. Мақалада Еуропа елдері, АҚШ және Қазақстандағы құқық бұзушыларға арналған баламалы ықпал ету шаралары мен оларды жүзеге асыру тетіктері қарастырылады. Мақаланың мақсаты – құқық бұзушыларға баламалы ықпал ету шараларын қолданатын елдердің заңнамалық актілерін талдау және салыстыру, сондай-ақ олардың тиімділік деңгейін бағалау. Зерттеу нәтижесінде авторлар қылмыстық жаза түрін таңдауда гуманистік қырын ескерудің маңыздылығына назар аударады. Қазіргі әділет жүйесі тек қоғам мүддесін ғана емес, сонымен қатар сотталғандардың да түзелу құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тек жасалған қылмысқа лайықты жаза қолдану арқылы жүзеге асады. Гуманистік әділетке бет бұрған елдер қылмыс деңгейінің төмендеуі мен заңға бағынатын өмір салтын насихаттауда жақсы нәтижелер көрсетуде. Осы тұрғыдан алғанда, баламалы жаза түрлері сотталғандарды түзету және жаңа қылмыстардың алдын алу ісінде неғұрлым нәтижелі құралдар болып табылады. Сондай-ақ авторлар Қазақстандағы пробациялық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар ұсынды.

