ҚАЗАҚСТАНДА ДЕНСАУЛЫҒЫНДА ШЕКТЕУЛІ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ.

Авторлар

  • Ардақ Құрманбайқызы Абдрахманова Қазақстан Американдық Еркін Университеті
  • Шолпан Шерехановна Орманова Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Бақыт Омарханович Алтынбасов Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_27

Кілт сөздер:

денсаулығында шектеулі мүмкіндіктері бар, инклюзия, білім берумен қамтамасыз ету, білім алу құқығы, ерекше балалар, халықаралық құжаттар

Аңдатпа

Авторлар мақалада әлемдік негіздегі инклюзиялық білім беру мен Қазақстан Республикасындағы инклюзия саласында білім беруге денсаулығында орта күрделі ақауы бар балалар құқығы барын және құқық саласында жасалынып жатқан істердің қолжетімді шаралар мен кемшілік тұстары айтылады. Инклюзия білім беру Қазақстан Республикасы үшін жаңа бағыттын бірі сондықтан халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық құжаттарды ратификациялай отыра ұлттық құжаттар қатарына енгізіп, ҚР Конституциясын негізге ала отыра денсаулығында шектеуі бар балаларды қорғау, біліммен қамтамасыз ету саласындағы Заңдарға өзгертулер енгізілгенін автор салыстырмалы тұрғыда қарастырып, Заң саласында жасалынып жатқан нәтижелерді көруге тырысты. Қазақстанда денсаулығында шектеулі мүмкіндіктері бар балалардың білім алу құқығының тарихи процесстеріне көз жүгіртті. Қазақстан Ресейге қосылған кезден бастап ерекше балалардың құқықтық актілерінде орын алғаны, мүгедек балаларға арнап алғаш арнайы мектептер мен интернаттар ашылғанын көрсетті. Тәуелсіздік алған жылдары әлеуметтік мемлекет ретінде ерекше балаларға арнап жасалынған мемлекеттік деңгейдегі қолдау шараларының құқықтық табиғаты қарастырды. Сонымен қатар мақалада, инклюзия саласындағы білім алу құқығымен қамтамасыз ету шараларындағы материалдық тұрғыдан айтап айтқанда білім алу ошақтарындағы ғимарттарда денсаулығында шектеулі балаларға арналған жағдайлар санитарлы бөлмелер, бір қабаттан екінші қабатқа жүріп тұру жағдайлары қаралмаған, компьютер сыныптарда ерекше балаларға арналған техникалардың қарастырылмауы, сабақ барысында инклюзиялы балаларға арналған оқу құралдары мен оқу материалдары қаралмағаны айтылады. Жасанды интеллект қоғамында ерекше балаларда цифрлік технологиямен жұмыс істеу және оларды шектетпей, ел қатарлы жағдай жасау керектігінің өзекті мәселелері қарастырылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2026

##submission.howToCite##

Абдрахманова A. K., Орманова S. . . S., & Алтынбасов B. O. (2026). ҚАЗАҚСТАНДА ДЕНСАУЛЫҒЫНДА ШЕКТЕУЛІ МҮМКІНДІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 81(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_27