ЗАМАНАУИ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ЖАҢА ФАКТОР РЕТІНДЕГІ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_74Кілт сөздер:
цифрлық платформа, заманауи еңбек нарығы, платформалық жұмыспен қамту, прекаризация, цифрлық экономика, еңбек қатынастары, құқықтық реттеу, әлеуметтік тәуекелдерАңдатпа
Мақала қазіргі еңбек нарығының дамуына әсер ететін жаңа фактор ретінде цифрлық платформаның рөлін зерттеуге арналған. Автор платформалық жұмыстың негізгі ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарын жан-жақты талдау, сондай-ақ цифрландыру процесінің дәстүрлі еңбек қатынастарын трансформациялау мәселелерін қарастырады. Арнайы назар прекаризация қаупін талдауға, жұмыспен қамту құрылымындағы өзгерістерге және оны реттеудің тиімді құқықтық механизмдерін әзірлеу қажеттілігіне аударылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы цифрлық платформаларды тек технологиялық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар қазіргі еңбек нарығының құрылымын қалыптастыратын элемент ретінде кешенді қарастыруда жатыр, ол жаңа жұмыспен қамту нысандарының пайда болуына және әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесінің трансформациясына ықпал етеді. Ал тәжірибелік маңызы алынған нәтижелерді нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу барысында қолдану мүмкіндігінде анықталады, бұл цифрлық экономика жағдайында мемлекет, кәсіпкерлік және жұмыскерлер мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша цифрлық платформалар қазіргі еңбек нарығының транформациясында маңызды фактор болып табылады. Заманауи цифрлық платформалар еңбек нарығының дамуын анықтайтын негізгі факторға айналды. Қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістердің ұзақ мерзімді және жаһандық сипатқа ие екені анық көрінеді, бұл жаңа құқықтық, басқарушылық, әлеуметтік және экономикалық шешімдерді қажет етеді. Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда барлық еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін үйлестіретін және ескеретін жаңа институттар мен механизмдерді құру маңызды болып отыр.

