ХЕҰ КОНВЕНЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
конвенция, еңбек, ХЕҰ, Еңбек кодексі, жалақы, жұмыс беруші, кәсіподақтар, қызметкерлер, отбасылық міндеттеріАңдатпа
Осы ғылыми мақалада автор Қазақстан Республикасы қосылған Халықаралық еңбек ұйымы конвенцияларының нақты нормалары негізінде Қазақстан Республикасы еңбек құқығының ұқсас нормаларын жетілдіру үшін осы халықаралық құқықтық құжаттардың нормаларын талдауды ұсынады. Бір мақала аясында қазақстандық құқықтық өріске кірген ХЕҰ-ның ондаған конвенцияларының барлығын жан-жақты талдау мүмкін емес. Сондықтан осы мақалада Қазақстан мемлекеті қосылған ХЕҰ конвенцияларының арасынан солардың бірнешеуін талдау міндеті қойылған. 1981 жылғы 23 маусымда Женевада ХЕҰ Бас конференциясының 67-сессиясында қабылданған Отбасылық міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау және тең мүмкіндіктер туралы конвенция, 1949 жылғы 1 шілдеде Женевада ХЕҰ Бас конференциясының 32-сессиясында қабылданған Жалақыны қорғау туралы конвенция, 1928 жылы 16 маусымдағы ХЕҰ Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін құру туралы конвенция ғылыми-құқықтық талдау объектісі болып табылады. Осы конвенцияларды талдау конвенциялардың өздерінің нормаларын да жетілдіру үшін жүргізілді. Мақаланың авторы осы ХЕҰ конвенцияларының нормаларындағы кемшіліктерді көрсетіп, осы конвенциялардың мазмұнын жақсарту үшін өз көзқарасын ұсынады, ұсыныстарын тұжырымдайды. Мақалада Қазақстан Республикасы осы конвенциялардың ресми қатысушы ретінде мезгіл-мезгіл ХЕҰ Әкімшілік еңбек бюросы арқылы осы және басқа да конвенциялардың мәтіндерін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізе алатыны және оларды жақсартуға ұмтылатыны туралы айтылады.