МҮМКІНДІК ШЕКТЕУІ БАЛАЛАРЫ БАР ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ЖҰМЫС КҮНІ ТУРАЛЫ ХЕҰ-НЫҢ №175 КОНВЕНЦИЯСЫ НОРМАЛАРЫН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_148Кілт сөздер:
Халықаралық құқық, БҰҰ, Конституция, адам құқығы, мүгедектердің құқықтары, Халықаралық Еңбек Ұйымы, Әлеуметтік кодекс, имплементация, құқықАңдатпа
Мақаланың өзектілігі Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтарын құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қолдаудың айтарлықтай көлеміне қарамастан, еліміздегі халықтың жалпы санының өсуімен қатар, мүгедек адамдардың санының азаймай, керісінше өсуімен байланысты. Мақалада Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру, соның ішінде, қарастырылып отырған салада қазіргі кезеңде даярланып жатқан Әлеуметтік кодекстің жобасына Адам құқығы жөніндегі Билльдің тиісті ережелерін, Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан ары - ХЕҰ) арнайы конвенцияларының ережелерін импелементациялау жолымен жүзеге асыру мәселелері қарастырылған. ХЕҰ-ның конвенциялары мен ұсынымдарын оларды ратификациялаған (немесе ұсынымдар бойынша қарауға қабылдаған) елдерде орындау тәртібінің ерекшеліктері қарастырылып, 20 сәуір 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі жобасында және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде ратификацияланған ХЕҰ-ның «Толық емес еңбек уақыты шартына сай жұмыс туралы» 175 Конвенциясын имплементациялаудың бірқатар аспектілері сараланып, мүгедектердің құқықтарын қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ХЕҰ-ның бірқатар