ICSID КОНВЕНЦИЯСЫНА СӘЙКЕС ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ТӨРЕЛІКТЕ ШЕШУДІҢ ТӘРТІБІ (ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ)
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_159Кілт сөздер:
ICSID Конвенциясы, Инвестициялық дау, Арбитраж, Қазақстан, Орындау, Арбитраж шешімдеріАңдатпа
ICSID (Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық) конвенциясы елу жылдан астам уақыт мемлекеттер мен халықаралық инвесторлар дауларын шешу мақсатында қолданып келе жатқан, жақсы қалыптасқан арбитраж жүйесі болып табылады. Қазірге дейін ICSID ережелеріне сәйкес инвестициялық арбитражда Қазақстан Республикасына қарсы 19 дау қаралды. Мақаланың мақсаты ICSID Конвенциясына сәйкес арбитраждық дауларды шешудің ең өзекті мәселелері мен рәсімдерін талдау болып табылады. Мақалада ICSID Төрелік орталығының юрисдикциясы мәселесі, оның ішінде дауды шешу шарттары қарастырылады. Бұл бөлімде мысал ретінде Қазақстанның бір дау шеңберінде ICSID арбитражының юрисдикциясына наразылық білдіргені келтірілген. ICSID төрелік процедурасы, талап арыз беру процесі, төрешілер алқасын құру, тараптар үшін міндетті арбитраждық шешімді шығару, шешімді даулау және шешімді орындатудың мәселелері жан жақты сипатталған. Қорытындылай келе, зерттеуде инвестициялық дауларды әділ және бейтарап шешу үшін құрылған ICSID жүйесінің маңыздылығына, сондай-ақ арбитраждық шешімді орындаудың бірегей жүйесінің ерекшеліктеріне назар аударылады. Зерттеу әдістемесі Қазақстанға қатысты тиісті сот тәжірибесі мен істерге назар аудара отырып, Арбитраждық ережелерді қоса алғанда, ICSID Конвенциясы бойынша құқықтық әдебиеттерді талдауға және жан-жақты шолуға негізделген. Нәтижесінде, автор ICSID шешімдерінің орындалуына байланысты туындаған проблемалар жаһандық деңгейде арбитраждың болашағына қатысты түрлі сауалдар туындататынын және бұл салада реформалар қажет екенін айтады. Сонымен қатар, автор Қазақстан құқық ғылымында арбитраждың жеткілікті зерттелмегенін атап өтіп, осы саладағы зерттеулерді көбейтудің маңыздылығына назар аударуда. Өйткені бұл зерттеулер елдің өз арбитраждық заңгерлерін жетілдіруіне және сот жүйесінің бұл тақырыпты жіті түсінуіне септігін тигізеді. Бұл бизнесті жүргізуге қолайлы жер ретінде еліміздің имиджін жақсартып, шетелдік инвестиция үшін тартымдылықты арттырары сөзсіз.