ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША СОТ МЕДИАЦИЯСЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІНЕ ОРАЙ
Кілт сөздер:
азаматтық істер бойынша сот төрелігі, азаматтық сот өндірісі, дауларды шешудің альтернативті тәсілдері, аралық сот, арбитраж, азаматтық-процессуалдық заңнама, медиация, медиатор, ымыраластырушы-судья, медиациялық сессия, медиация туралы шарт, медиативті келісім, ымыраластыру процедурасыАңдатпа
Осы мақала дауларды шешудің альтернативті тәсілі ретінде медиация институтына арналған. Осы институттың құқықтық регламентациясы азаматтық-процессуалдық кодекс жобасында үлкен күдіктер туғызады. Осымен байланысты мақалада медиацияны реттеудің шетелдік тәжірибесі қаралған, сонымен қатар, отандық заңнаманың қолданыстағы баптарына талдау берілген. Авторлардың пікірі бойынша, медиацияның теориялық негіздерін зерттеу заңнамаға өзгертулер енгізуден бұрын орындалуы тиім, осы жағдайда ғана Қазақстандағы медиация дауларды шешудің шынайы тиімді тәсіліне айналады