СОТ ТӨРЕЛІГІН ІСКЕ АСЫРУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСУЫ: УКРАИНАДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
тікелей халық биліг, сот төрелігі, алқа билер соты, сот заседателіАңдатпа
Халықтың сот төрелігін жүзеге асыру барысына тікелей қатысуының конституциялық қағидаттарына теоретикалық талдау жасалған. Халық заседательдері мен алқа билер соты қатысуымен өткізілетін сот қызметінің және ұйымдастырылуының заңнамалық тәртібі ашып көрсетілген. Халық заседатальдері мен алқа билер тізімін қалыптастыруды регламенттеуге сыни талдау жасалған. 2012 жылғы Украинаның жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес енгізіліп отырған «алқа билер сотының» отандық моделінің ерекшеліктері ашылған.
Заңшығарушы тек терминологиялық кезеңде ғана сот ісін жүргізу саласына қарасты халықтың қатысуымен өткізілетін әділ соттың нысанын саралаған деген түйіндеме жасалған.
Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында – «алқа билер соты», азаматтық сот ісін жүргізуде - халық заседательдері қатысатын сот. Сонымен бірге, әкімшілік те, шаруашылық сот ісін жүргізу де сот төрелігін жүзеге асыру кезінде халықтың тікелей қатысуының қандай-да бір нысанын көздемейді, ол тікелей халық билігінің конституциялық қағидатын шектейді.