ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР БАҒЫТТАРЫ

Авторлар

  • Нұрзада Маханбетұлы Примашев

Кілт сөздер:

ғылыми сараптам, ғылыми сараптама, құқықтық сараптама, экономикалық сараптама, сараптама жүргізу мерзімі, қайталама сараптама, қосымша сараптама, ғылыми лингвистикалық сараптама; әзірлеуші мемлекеттік органдардың ғылыми лингвистикалық сараптаманы ұйымдастыру тәжірибесі, фирмалық бланк

Аңдатпа

Қолданыстағы заңнаманың сапасын арттыруда норма шығармашылық процестің бастапқы сатыларында жүргізілетін түрлі ғылыми сараптамалар ерекше орын алады. Ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық, мемлекеттік экологиялық және т.б. объективтік сипаттағы ғылыми сараптамалармен қатар, Қазақстан Республикасында ресми түрде жүргізіліп отырған қостілділік саясат жағдайында заң жобалары мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіледі. Сондықтан жобалардың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету объективтік қажеттілік болып табылады.

         Ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүргізудің 10 жылдық тәжірибесінің бар екеніне қарамастан қазіргі таңда оның бірқатар кемшіліктері анықталып отыр. Мақалада оның кейбір ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелері қарастырылған. Мемлекеттік органдардың әлі де болса ғылыми лингвистикалық сараптаманың маңыздылығын ескермеуі мен тек норма шығармашылық процестің қосымша іс-шарасы есебінде қабылдауы да оны жетілдіру мәселесіне қажетті назар аудартқызбай келеді.

         Автор кейбір бағыттар бойынша ғылыми лингвистикалық сараптаманы ұйымдастыру тәжірибесі мен құқықтық негіздерін қайта қарау арқылы жетілдіруді ұсынады.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Примашев, . Н. М. (2020). ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР БАҒЫТТАРЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/125

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан