БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ «WELL-BEING» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ: КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТКЕ ЕНГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_80Кілт сөздер:
well-being, қызметкерлердің әл-ауқаты, қызметкер құқығы, білім беру ұйымы, корпоративтік мәдениет, ғылыми қызметкер, педагогАңдатпа
Мақала еңбек қатынастары мен корпоративтік мәдениетте жаңа және трендтік құбылысқа айналған «Well-being» тұжырымдамасын зерттеуге арналған. Зерттеудің өзекті болуы қызметкерлердің әл-ауқатына әсер етуге, олардың ішкі жай-күйін жақсартуға, денсаулығына қамқорлық жасауға, эмоционалды күйіп кетумен күресуге және мотивацияны арттыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктердің рөлінің артуына байланысты.
Шетелдік тәжірибені талдау және жалпылау негізінде авторлар білім беру саласында «well-being» тәсілін қолданудың тиімділігінің сұрақтарын ашады, оның құқықтық конструкциясын белгілейді.
Авторлармен Қазақстан Республикасында алғаш рет «Well-being» тұжырымдамасы көздейтін тәсілдердің тиімділігін дәлелдеуге, оны құқықтық негіздеуге, жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге ғылыми талпыныс жасалынған. Әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелеріндегі ғылыми және педагог қызметкерлердің әл-ауқатын басқару құралы ретінде тұжырымдаманың құқықтық негіздері ұсынылған.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелеріндегі педагог қызметкерлердің қызметін реттейтін орталық және жергілікті деңгейлердегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар түрінде ғылыми маңызды нәтижелерге қол жеткізілген.
Авторлар білім беру ұйымдарында «Well-being» тұжырымдамасын қолданудың негізгі деңгейі ретінде жергілікті норма шығармашылығына ерекше назар аударады, осыған байланысты мақалада ұжымдық шарттар мен келісімдерде еңбек құқықтары мен міндеттерін бекіту, еңбек тәртібі ережелері, персоналды басқару жүйесінің барлық бағыттарында қызметкерлердің әл-ауқатына жағдай жасау тетіктерін қамтамасыз ету туралы мәселелер көтеріледі.
Зерттеу авторларының пікірінше, «Well-being» тұжырымдамасын корпоративтік мәдениетке енгізудің құқықтық тетіктерін әзірлеу еңбек қатынастарында педагог қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа деңгейге шығаруға жол ашады. Бұл сайып келгенде, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына жағымды әсер ететін болады. Зерттеу нәтижелері еңбек нарығының қазіргі қажеттіліктеріне сәйкес білім беру мекемелерінде персоналды корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін.