«КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯСЫ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МӘСЕЛЕСІНЕ (НҚА БАЛАМА МОНИТОРИНГІНІҢ НӘТИЖЕСІ

Авторлар

  • Сергей Иванович Климкин
  • Әсел Ғабиденқызы Қазбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_124

Кілт сөздер:

нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингі, Қазақстан Республикасының франчайзинг туралы Заңының тиімділігін талдау, Қазақстан Республикасындағы кешенді кәсіпкерлік лицензияның кемшіліктері, құқықтық мониторинг

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Құқықтық мониторинг орталығы «Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізуде.

Осы зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының құқықтық саясатын іске асыруға ықпал етуі тиіс заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі мәселелер қаралады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Стратегия-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі құқықтық реттеудің әртүрлі салаларындағы заңнаманы дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмысына құқықтық қолдау көрсету, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Елбасы тапсырмаларының іс жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет.

Бұл мақала Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы № 330-II «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңының кемшіліктердің, қайшылықтардың, сәйкессіздіктердің, олқылықтардың бар-жоғы тұрғысынан тиімділігін, сондай-ақ оның қолданылуының орындылығы туралы мәселені талдауға арналған.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2021

##submission.howToCite##

Климкин S. I., & Қазбаева . A. G. (2021). «КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯСЫ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МӘСЕЛЕСІНЕ (НҚА БАЛАМА МОНИТОРИНГІНІҢ НӘТИЖЕСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(65). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_124

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг