ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ҚОРЫ: КЕМШІЛІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_142Кілт сөздер:
Жәбірленушілерге өтемақы қоры, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы», Заң, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттің қосымша кепілдіктері, қылмыстық процесте залалды өтеу, жәбірленушілерге әлеуметтік төлемдер, жәбірленушінің мәртебесі, қылмыстық процесте жәбірленушілер, жәбірленушілердің құқықтары, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, жәбірленушілердің құқықтарын қамтамасыз етуАңдатпа
2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК Құқықтық мониторинг орталығы 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VІ «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиімділігіне талдау жүргізді.
Мақалада пысықтауды талап ететін талдаумен анықталған ақаулар мен заңның елеулі кемшіліктері, осы саладағы заңнаманы қолданудың жүйелілігі мен әлеуметтік маңыздылығы келтіріледі.
Ұлттық және шетелдік заңнаманы талдау негізінде әзірленген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша заңсыз әрекеттерден зардап шеккен адамдарға залалды өтеу саласындағы заңнаманы жетілдіру және дамыту моделі ұсынылды. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының бірлігін, тұтастығын және жүйелілігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне артық жүктемені болдырмау мақсатында Жәбірленушілерге өтемақы қорынан шоғырландыру және төлемдерді жүзеге асыру тәртібін реттейтін заңнаманы шоғырландыру қажеттігі негізделген.
Сондай-ақ, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры» ұғымы анықтамасының редакциясын нақтылау, заңды жаңа қағидатпен – «шұғылдық» қағидатымен толықтыру ұсынылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында заңда жәбірленуші ұсынатын өтемақы есептеу үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін айқындау қажеттілігі негізделген. Заңмен қылмыстық қудалау органдарына оларға тән емес функцияларды жүзеге асыру жүктелгендіктен, мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты ескере отырып, жәбірленушілерге өтемақы тағайындау процесін «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету форматына көшіру ұсынылды.
Бұдан басқа, қарыз алу және пайдаланылатын бюджет қалдықтары есебінен қордағы қаражат тапшылығын жабу, сондай-ақ Бюджет кодексінің 18-бабының талаптарын Заңға тарату тетігі ұсынылды.