НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА: САПАЛЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Нұрзада Маханбетұлы Примашев

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_151

Кілт сөздер:

норма шығармашылық процесс, ғылыми сараптама, ғылыми лингвистикалық сараптама, ғылыми лингвистикалық сараптаманы ұйымдастыру, заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар, заң жобаларының сапасы, қолданыстағы құқық нормаларын сақтамау

Аңдатпа

Заң шығару функциясы мемлекеттің негізгі функцияларының бірі болып табылады. Сондықтан құзыретті құрылымдар қоғам мен мемлекет өмірін құқықтық реттеу негіздерін қалыптастыруға ерекше саяси-құқықтық маңыз бөледі.

Жалпы заң шығару функциясы норма шығармашылық қызметті де қамтиды. Мемлекет аталған қызметтің уақытылы және сапалы орындалуы үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді. Ондай ресурстардың қатарына теориялық әзірлемелерді, тәжірибелік дағдыларды, ақпараттық қолдау шараларымен қатар нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша жүргізілетін түрлі ғылыми сараптамаларды да жатқызуға болады. Ондай ғылыми сараптамалардың мақсаты жобаның ғылыми тұрғыдан негізделгені, жалпы сапасы мен тиімділігі, қоғам мен мемлекетке келтірілуі мүмкін теріс салдары сияқты көрсеткіштерді анықтау мен бағалау болуы мүмкін.

Құқықтық негіздердің ең бастысы заң болып табылады, сондықтан оны әзірлеу қызметі, бірінші кезекте, орталық атқарушы органдарға беріледі. Ал заң жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымға жүктелген.

Қалыптасқан тәжірибені талдау ғылыми сараптаманы құқықтық реттеу талаптарының сақталмайтынын көрсетеді. Әсіресе ғылыми лингвистикалық сараптамаға бөлінген мерзімді бұзу фактісі тұрақты орын алып отыр. Сонымен қатар жобалардың тілдік сапасы да жоғары емес. Оған дәлел есебінде жобаларда анықталып жатқан сандаған қателерді келтіруге болады. Осындай  көрсеткіштердің өзі норма шығармашылық пен ғылыми лингвистикалық сараптаманың қисынды байланыста екенін,

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2021

##submission.howToCite##

Примашев, . Н. М. (2021). НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА: САПАЛЫҚ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(65). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_151

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан