ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАҢ ПРАКТИКАСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАНУ МАМАНДЫҒЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_239Кілт сөздер:
жасанды интеллект, чат-бот, робот-заңшығарушы, онлайн сот төрелігі, робот-заңгерАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы жасанды интеллекттің ағымдағы құқықтық реттеу мәселелері зерттеледі. Қазіргі қоғамда қарқын алып келе жатқан жасанды интеллектті заң практикасында және сот процесінде қолданудың ерекшеліктері мен тәуекелдері, сондай-ақ оның құқықтану мамандығына және жалпы азаматтардың тағдырына әсері қарастырылған.
Сонымен қатар Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту жағдайында заң практикасында жасанды интеллектті пайдаланудың ерекшеліктері мен перспективалары зерттеледі, жасанды интеллект технологияларын әзірлеу және қолдану саласындағы отандық және шетелдік ғалым-зерттеушілердің еңбектері талданады.
Зерттеу жұмысында жасанды интеллекттің құқық саласына тиімді әсері және тиімсіз жақтары салыстырмалы талданған. Мысалы, кейбір зерттеушілер жасанды интеллектінің құқық саласы мен заң практикасында қалыпты жұмыстарды жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге, заң қызметтерін автоматтандыруға оң әсерін тигізетіндігін дәлелдесе, кейбіреулері жасанды интеллектінің дұрыс шешім қабылдамай, теріс әрекеттер жасап, қоғамға зиянын тигізетіндігін дәлелдейді. Сонымен қатар жасанды интеллектінің заңгер мамандығына әсерінің оң және теріс жақтары, әсіресе аталған сала қызметкерлерінің жұмыссыз қалу қаупі де талқыланады. Зерттеу жұмысында шетелдік жасанды интеллект зерттеулерінің есебінен және Қазақстандық зерттеулерден сандық көрсеткіштер келтірілген. Қазіргі кезде онлайн сервистердің көбеюі, жаңа технологиялардың қолданысқа ие болуы, сот төрелігі сияқты процестердің автоматтандырылуы жасанды интеллектінің қарқынды дамып келе жатқандығының дәлелі бола алады.