ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Бекен Ахметоллаұлы Шолан Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_207

Кілт сөздер:

заңнама тілі, аударма сапасы, ескірген терминдер мен сөз тіркестері, заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу, мониторинг, әлемдік прогрестің әсері

Аңдатпа

Еліміз жиырма бірінші ғасырға аяқ басқаннан бері экономика, саясат, қаржы, ғылым, техника және басқа да салалардың жедел дамуына байланысты күнделікті өмірімізге жаңа сөздер еніп, кеңінен қолданыла бастады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің арқасында алдыңғы қатарлы мемлекеттермен шарт, келісім, келісімшарт жасасу арқылы тығыз байланыс орнатты, сөйтіп нарықтық экономикаға жасалған қарышты қадам көптеген жаңалықтарын ала келді.   Осының әсерінен жүздеген терминдер мен сөз тіркестері де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Әлемдік  өркениет, ғылыми прогресс өте жедел қарқынмен дамып, тіл мен мәдениетке, өнер мен әдебиетке, мемлекеттің басқа да  салаларына айтарлықтай ықпал етуде.

Осыған орай, мақалада негізінен жалпы тілге, әсіресе аударма тілінің сапасына қатысты кейбір өзекті мәселелерге баса назар аударылады.

Көптеген заң актілерінде әртүрлі қолданылып келген терминдер немесе заман ағымына байланысты  күнделікті  қолданыстан түсіп қалса да, ескірген сөздер мен сөз  тіркестері  жаңаларымен қатар пайдаланылып жүргені айтылады.

Тиісті мемлекеттік органдардың алдында өзекті әрі ауқымды міндеттер тұрғаны, атап айтқанда, заң актілерінің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеп, талқылауға батыл қадам жасау, сонымен қатар заң мәтіндері аудармасының сапасын неғұрлым жақсарта түсу қажеттігі сөз болады. Бұған қол жеткізудің ең тиімді жолдары ұсынылады.

Мақалада заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында терминдер мен сөздердің жаңа нұсқаларының аудармасы сараланып, бірте-бірте түзетіле бастағаны және бұл үрдіс әлі де жалғаса беретіні ескертіледі.

Автор бұл үшін алғышарттың бәрі бар екенін айта келе, оларды санамалап көрсетеді, бұған тиісті органдар мен жауапты тұлғалардың тиянақты түрде көңіл бөліп, іске кірісуі  қажет екені айтылады. 

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Лингвистика орталығының жетекші ғылыми қызметкері

##submission.downloads##

Жарияланды

27.09.2023

##submission.howToCite##

Шолан, Б. А. (2023). ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(74). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_207

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан