БІЛІМ БЕРУГЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТЫ ТОПТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ

Авторлар

  • Ербол Мусинұлы Абайділданов
  • Шолпан Валерьевна Тлепина
  • Мира Жұмағазықызы Куликпаева Институт законодательства и правовой информации РК МЮ РК

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_165

Кілт сөздер:

мақсатты топ, мүмкіндігі шектеулі адам, жоғары білім, білімнің қолжетімділігі, кедергі болмауы, мониторинг, қоғамдық кеңес, санат

Аңдатпа

Мақалада «мақсатты топ» ұғымы әртүрлі түсіндірілетіні қарастырылған, білімнің қолжетімділігі саласындағы қазақстандық заңнама мен халықаралық құқықтық актілер талданған, осы саладағы мақсатты топтардың халықаралық деңгейдегі қызметі мен Қазақстан Республикасында ұқсас аналитикалық, мониторинг топтар құрылу мүмкіндігі зерттелген. Қазақстан Республикасында халықтың жоғары біліміне қол жеткізу жай-күйіне зерттеу, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуді құқықтық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық және мемлекетішілік деңгейлердегі нысаналы топтардың өзара іс-қимылы жүргізілді.

 

Мақсатты топтың бірінші деңгейі – жағдайды зерделеу, тұрақты мониторинг, білім және ғылым саласындағы проблемаларды кәсіби талдау, оның ішінде жекелеген нысаналы топтардың барлық деңгейдегі (бастауыштан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) білімге қол жеткізуін, сондай-ақ білім беру саласындағы заңнаманы, бағдарламаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қол жеткізуін кәсіби талдау бойынша халықаралық және ішкімемлекеттік деңгейлердегі мониторингтік тұрақты мақсатты топтар. Мақсатты топтардың екінші деңгейі – бұл қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеру, олардың білімге, инклюзивті оқуға қол жеткізуін қамтамасыз етудің оңтайлы тәсілдерін әзірлеу және оларды маман және азамат ретінде одан әрі дамыту қажет нақты санаттар, халықтың топтары, белгілі бір топтар. Сондай-ақ, мақалада инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту бөлігінде Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Қытай мысалында шет елдердің тәжірибесі талданды.

Талдау негізінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірқатар ұсыныстар тұжырымдалды. Авторлардың пікірінше, бұл мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы халықтың білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың тиімдірек болуына қызмет етеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Абайділданов, Е. М., Тлепина, Ш. В., & Куликпаева, М. Ж. (2023). БІЛІМ БЕРУГЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТЫ ТОПТАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_165

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану