ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 136-БАБЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Авторлар

  • Ботагөз Темірболатқызы Абулкаирова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_181

Кілт сөздер:

құқық бұзушылық, алдын алу, бала ауыстыру, жаңадан туылған сәби, қылмыс, ылмыстық құқық бұзушылық құрамы, медицина қызметкерлері

Аңдатпа

Бұл мақалада бала ауыстыру құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы, атап айтсақ, оның қоғамға қауіптілігі мен зардабы туралы сөз етіледі. Сонымен қатар,мақалада құрамның барлық элементтері  жан-жақты ашып көрсетіледі. Бала ауыстыру қылмысын анықтаудағы криминалистикалық тәсілдер ұсынылады. Аталған қылмысты алдын алу мен болдырмауға бағытталған шаралар атап өтіледі. Бала ауыстыру құрамындағы «бала» ұғымының түсінігі беріледі және баланы ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де қорғаудың маңыздылығы атап өтіледі. Бала ауыстыру қылмысын жасайтын адамдардың негізінен алғанда медицина саласының мамандары мен жаңадан туылған сәбидің ата-анасы екендігі атап өтіледі. Қылмыстың көбінесе жасырын негізде, ата-анасына білдірмей жаңадан туылған сәбилерді ауыстыру арқылы жүзеге асырылатындығы, сонымен қатар, баланың идентификациялық мәліметтерін өзгерту арқылы, алаяқтық жолмен жасалынатындығы жөнінде сөз етіледі. Мақалада қарастырылып отырған қылмыстық іс-әрекеттің әсіресе медициналық ұйымдарда жасалынатындығы туралы айтылады. Сонымен қатар мақалада Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 136-бабының 2-ші бөлігінің саралаушы құрамдарының болуы қажеттілігі жөнінде сөз етіледі. Бала ауыстыруды жалпы алдын алу мен арнайы алдын алудың маңыздылығы жөнінде айтылады. Әсіресе арнайы виктимологиялық алдын алудың маңыздылығы туралы айтылады. Сонымен қатар мақалада бала ауыстырудың детерминаттары, яғни қозғаушы күші не болып табылатындығы, бала ауыстырудың құрбандарына кімдердің жататындығы туралы айтылады. Сонымен қатар, мақалада қарастырылып отырған қылмыстың латентті қылмыстардың қатарына жататындығы, оның динамикасы атап өтіледі. Шетелдік тәжірибеде ұсынылатын бала ауыстыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асырудың тәсілдері мен жолдарын елімізге және көршілес мемлекеттерге енгізу қажеттілігі туралы айтылады

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2021

##submission.howToCite##

Абулкаирова, . Б. Т. . (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 136-БАБЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(65). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_181

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалым мінбері