АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ: АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА

Авторлар

  • Алмаз Алғазұлы Ешназаров Академия правоохранительных органов при ГП РК
  • Динара Талғатқызы Амуртаева Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан
  • Әлемгүл Советқызы Қуатова Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_194

Кілт сөздер:

қылмыстық процесс, сот ісін жүргізу, сот, судья, алқаби, қазылар алқасы, үкім

Аңдатпа

Авторлар АҚШ пен Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын компаративті талдау негізінде алқабилердің қатысуымен соттар қызметінің мәселелерін зерттеді. Алқабилердің қатысуымен соттың қылмыстық істерді қарауы бойынша АҚШ тәжірибесін таңдау кездейсоқ болған жоқ, өйткені АҚШ қазылар алқасының қатысуымен сотты қолданатын мемлекет болып табылады және қазірдің өзінде Ұлыбританиядан ерекшеленетін өзінің құқықтық тарихы бар.

Талдау барысында авторлар алқабилерді іріктеу, алқабилердің саны және үкім шығару кезінде дауыс беру тәртібі сияқты үш аспектіні ашты.

АҚШ заңнамасы бойынша алқабилерді іріктеудің Қазақстан Республикасының заңнамасымен салыстырғанда алқаби ретінде іріктеуді және қатысудан бас тарту құқығын оңайлату бөлігінде өзіндік артықшылықтары бар.

АҚШ тәжірибесін ескере отырып, алқабилер саны мәселесі бойынша оларды 12-ден 9-ға дейін және жекелеген жағдайларда 7 алқабиге дейін қысқартуға болады деп есептейміз.

Көпшілік дауыс беру немесе бірауыздан дауыс беру мәселесі бойынша біз АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, бірауыздан дауыс берудің маңыздылығы туралы пікірді ұстанамыз.

АҚШ-тың оң тәжірибесі негізінде авторлар Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу заңнамасына ғана емес, ҚР Конституциясына да бірқатар түзетулер ұсынды. Осылайша, авторлар сот алқабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер санатын кеңейту, алқабилерді іріктеу тәртібін және дауыс беру тәртібін жетілдіру қажет деп санайды. Сондай-ақ алқабилердің қатысуымен соттың азаматтық істерді қарау мүмкіндігі. Осы түзетулердің барлығы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда және құқықтық мемлекет құруда оң әсер етеді деп санаймыз.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, әділет кеңесшісі

##submission.authorWithAffiliation##

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасының доценті, философия докторы (PhD), әділет кеңесшіс

##submission.downloads##

Жарияланды

29.12.2023

##submission.howToCite##

Ешназаров, А. А., Амуртаева, Д. Т., & Қуатова, А. С. (2023). АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ: АҚШ ПЕН ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(75). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_194

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану